«Бейімді-белсенді оқыту» Назарбаев зияткерлік мектептері АКТ мамандарының біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: Тыңдаушылардың білім беру қызметінде цифрлық технологияларды қолданудағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
- бейімделген оқыту тұжырымдамасы мен бейімделу жүйелерінің жұмыс тетіктерін зерделеу;
- ALEKS және CogBooks бейімделген платформаларының құрылымымен және интерфейсімен танысу және оқыту процесіне техникалық қолдауды жүзеге асыру;
- қарым-қатынас пен кері байланысты ұйымдастырудағы негізгі цифрлық құралдар мен қызметтерді қолдану және оларды педагогтердің тәжірибе жүзінде іске асыруына ықпал ету;
- бейімді-белсенді оқытуды жүзеге асыру барысында техникалық қолдау көрсетуде білім беру процесінің тиімділігін арттыруға арналған цифрлық құралдар мен қызметтерді (цифрлық мобильді зертханаларды, оқу бейнематериалдарын әзірлеу және өңдеу қызметтерін және т.б.) пайдалану.
Оқу нәтижелері:
Тыңдаушылар:
- бейімделген оқыту жүйесін және оның жұмыс принциптерін біледі;
- оқыту процесіне техникалық қолдау көрсетуге арналған ALEKS және CogBooks бейімделген платформаларымен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді;
- қарым-қатынас пен кері байланысты ұйымдастырудағы негізгі цифрлық құралдар мен қызметтерді қолдануды және оларды педагогтердің тәжірибе жүзінде іске асыруына көмектесуді үйренеді;
- білім беру процесінің тиімділігін арттыру үшін цифрлық құралдар мен қызметтерді пайдалануда педагогтер мен білім алушыларға техникалық қолдау көрсетеді.
