«Химия сабағында бейімді-белсенді оқыту» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы


Бағдарламаның мақсаты: бейімді-белсенді оқытуды сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту. 

Бағдарламаның міндеттері:

  • химия пәні мұғалімдерінің дербестендірілген оқыту туралы теориялық білімін өзектендіру және оның даралап оқыту мен бейімделген оқытудан ерекшелігін қарастыру;
  • бейімді-белсенді оқыту тұжырымдамасын және оны педагог тәжірибесінде іске асыру ерекшеліктерін зерделеу;
  • «ALEKS» дербестендірілген онлайн платформасын қарастыру;
  • 11-12-сыныптарда химия пәнін оқытуда ALEKS платформасы арқылы оқушылардың үлгерімін талдау және бағалау бойынша тұжырым (интерпретация) жасау  дағдыларын қалыптастыру;
  • пәнді оқытуда бейімделген оқыту және белсенді оқыту жүйесін интеграциялауға ықпал ету. 

Бағдарламаның күтілетін нәтижелері: 

Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушылар келесі дағдыларды меңгереді: 

  • әрбір оқушыны білім алуға тарту үшін оқытудың тиімді және жеке траекторияларын қамтамасыз ететін дербестендірілген оқыту жүйесіндегі бейімді-белсенді оқытудың орны мен рөлін айқындауды;  
  • оқу процесінде белсенді білім беру платформаларын, оның ішінде ALEKS дербестендірілген онлайн платформасын қолданады;
  • ALEKS платформасы арқылы оқушылардың үлгерімін талдау және бағалау негізінде оқуды қиындықтары бар оқушыларды анықтайды;
  • барлық оқушылардың оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруі үшін оқытудың жеке траекториясын жоспарлайды;
  • пәнді оқытуда бейімді-белсенді оқыту жүйесін ықпалдастырады және бейімделген платформаны қолдана отырып сабақ жоспарлайды.

Курс көлемі: 40 академиялық сағат.