«Мектеп басшысының басқарушылық құзыретін дамыту» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Филиал басшыларының біліктілігін арттыру курсы

Бағдарламаның мақсаты: басшының өзін-өзі дамыту, мектептің ұйымдастырушылық-коммуникативтік, қаржылық-шаруашылық қызметі саласында тұлғалық және кәсіби маңызды құзыреттерін дамыту.

Міндеттері:

  • көшбасшылық қасиеттерді талдау және өзін-өзі бағалау негізінде басшының тұлғалық және іскерлік құзыреттерін дамыту құралдарын зерделеу;
  • проблеманы шешу және қақтығыс жағдайлардың алдын алу жолдарын зерделеу және талдау;
  • басшының коммуникативтік және ұйымдастырушылық дағдыларын дамыту және кәсіби қызмет шеңберінде өзара әрекеттестіктің оңтайлы стилін анықтау;
  • қызметкерлерді ынталандырудың тиімді құралдарымен және талант-менеджменттің негіздерімен танысу;
  • мектеп басшыларының қаржылық және құқықтық құзыреттілігін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Тыңдаушылар:

  • басқарушылық қызметте өзін-өзі бағалаудың және өзінің тұлғалық-кәсіби дамуын жоспарлаудың оңтайлы әдістерін анықтайды;
  • кәсіби ортадағы проблемаларды шешу және қақтығыстардың алдын алу дағдысын жетілдіреді;
  • басқару тәжірибесін талдау негізінде педагогикалық ұжымда тиімді коммуникацияны ұйымдастыру әдістерін жетілдіреді;
  • өз тәжірибесіне талант менеджментті іске асыру формаларын, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандырудың басқарушылық құралдарын енгізу тәсілдерін анықтайды;
  • еңбек саласындағы құқықтық қатынастар негіздері және қаржылық-экономикалық басқару саласындағы білімін тереңдетеді.

Курс көлемі: 80 академиялық сағат.