«Мектеп басшысының басқарушылық құзыретін дамыту» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Филиал басшыларының біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: басшының өзін-өзі дамыту, мектептің ұйымдастырушылық-коммуникативтік, қаржылық-шаруашылық қызметі саласында тұлғалық және кәсіби маңызды құзыреттерін дамыту.
Міндеттері:
- көшбасшылық қасиеттерді талдау және өзін-өзі бағалау негізінде басшының тұлғалық және іскерлік құзыреттерін дамыту құралдарын зерделеу;
- проблеманы шешу және қақтығыс жағдайлардың алдын алу жолдарын зерделеу және талдау;
- басшының коммуникативтік және ұйымдастырушылық дағдыларын дамыту және кәсіби қызмет шеңберінде өзара әрекеттестіктің оңтайлы стилін анықтау;
- қызметкерлерді ынталандырудың тиімді құралдарымен және талант-менеджменттің негіздерімен танысу;
- мектеп басшыларының қаржылық және құқықтық құзыреттілігін арттыру.
Күтілетін нәтиже:
Тыңдаушылар:
- басқарушылық қызметте өзін-өзі бағалаудың және өзінің тұлғалық-кәсіби дамуын жоспарлаудың оңтайлы әдістерін анықтайды;
- кәсіби ортадағы проблемаларды шешу және қақтығыстардың алдын алу дағдысын жетілдіреді;
- басқару тәжірибесін талдау негізінде педагогикалық ұжымда тиімді коммуникацияны ұйымдастыру әдістерін жетілдіреді;
- өз тәжірибесіне талант менеджментті іске асыру формаларын, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандырудың басқарушылық құралдарын енгізу тәсілдерін анықтайды;
- еңбек саласындағы құқықтық қатынастар негіздері және қаржылық-экономикалық басқару саласындағы білімін тереңдетеді.
