«Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру
Бағдарламаның мақсаты: пәндер бойынша Оқу бағдарламаларын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Оқу барысында мұғалімдер Бағдарламаның барлық бөлімдерімен, оқу қағидаттарымен танысады. Олар Оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін құрылымын, педагогикалық тәсілдерді, бағалау тетіктерін қарастырады. Сабақтар мұғалімдерді химия және жаратылыстану сабақтарын жүргізуге даярлауды көздейді. Ол мұғалімдерге сабақты қалай жоспарлап, қалай өткізу және бағалауды түсінуге көмектеседі. Курс материалдарында мұғалімдердің өз жұмысында белгілі бір тақырыпты толығырақ қарастыру және зерттеу үшін қолдануға болатын тиісті материалдар ұсынылған.
Курс көлемі: 80 академиялық сағат
Курс бағасы: 20000 теңге
Бағалаумен: 24400 теңге
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Курс синхронды форматта (нақты уақыт режимінде) өтеді. Күн сайын орындалған тапсырмалар мен жекелеген мәселелерді талқылау бойынша вебинар өткізіледі.
Сертификат алу үшін келесі талаптарды орындау қажет:
- тренердің барлық вебинарына белсенді қатысу;
- күнделікті тапсырмаларды орындау;
- бағалау процесінен өту.
Егер Сізде «Информатика» пәні бойынша орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламалары бойынша сертификатыңыз болса, бұл курс Сіз үшін міндетті емес.
Төлем бетіне өтпес бұрын алдымен өз аймағыңыздағы Педагогикалық шеберлік орталығының (ПШО) филиалына хабарласыңыз.
ПШО филиалдарының контактілері https://sdo.cpm.kz/local/staticpage/view.php?page=03_11
