«Негізгі мектепте инклюзивті білім беру тәжірибесі» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы

Бағдарламаның мақсаты: педагогтердің инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби құзыреттілігін дамыту, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды оқыту процесінде педагогикалық қолдауды жүзеге асыру қабілеті мен дағдыларын жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

  • инклюзивті білім берудің заманауи тұжырымдамалары және инклюзивті білім беруді жүзеге асырудағы педагогтің кәсіби тұрғыдан маңызды қасиеттері туралы білім мен түсінікті кеңейту;
  • оқыту стратегияларын әзірлеуде және оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде қолданылатын педагогикалық тәсілдер шеңберін кеңейту;
  • оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді, оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәсілдерін ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша практикалық дағдыларды дамыту;
  • оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес оқу тапсырмаларын қолдана отырып сабақ жоспарлау дағдыларын жетілдіру;
  • ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата-аналарына педагогикалық қолдау көрсету дағдыларын дамыту.

Оқу нәтижелері:

Тыңдаушылар:

  • инклюзивті білім берудің заманауи тұжырымдамаларын түсіну негізінде оқытуды жүзеге асыруға кәсіби және психологиялық дайындығын көрсетеді;
  • оқытудың әртүрлі педагогикалық әдістері мен тәсілдерін қолданады, оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асырады;
  • инклюзивті орта жағдайында оқытуды жүзеге асыру үшін оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау құралдарын қолданады;
  • оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу процесіне барлық оқушыларды тартуға бағытталған сабақты жоспарлайды;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарына педагогикалық қолдау көрсету шараларын жоспарлайды және жүзеге асырады.