Колледжде биологияны оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары

Бағдарламаның мақсаты: «Биология» пәні педагогтерінің пәндік білім саласындағы, инклюзивті орта қалыптастырудағы, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы және оқу жетістіктерін бағалаудағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

  • «Биология» пәні бойынша пәндік білімі мен оқу мазмұнын құрылымдау дағдыларын кеңейту;
  • білім алушылардың биологиялық ойлауын, функционалдық және жаратылыстану сауаттылығын дамыту мақсатында биологияны оқыту процесін ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы пәндік-әдістемелік құзыреттілікті дамыту; 
  • инклюзивті білім беру жағдайында білім алушыларды қолдау және  әмбебап оқыту стратегияларын қолдану негізінде «Биология» пәні бойынша оқыту және бағалау дағдыларын жетілдіру;     
  • «Биология» пәні бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу және оқу нәтижелері мен бағалау критерийлеріне сәйкес бағалау тапсырмаларын әзірлеу дағдыларын жетілдіру.  

Күтілетін нәтижелер:

  • оқу мазмұнын құрылымдаудағы биологиялық білімі мен әдістемелік дағдыларын тереңдету;
  • концептуалды және саралап оқыту тәсілдемелері негізінде білім алушылардың биологиялық ойлауын, функционалдық және жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру үшін биология бойынша оқу сабақтарын жобалау, ұйымдастыру және өткізу дағдыларын дамыту;  
  • инклюзивті білім беру жағдайында «Биология» пәні бойынша оқу нәтижелерін бағалауға және білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған практикалық тапсырмалар әзірлеу;            
  • «Биология» пәні бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында оқыту және бағалау процестерін жоспарлау.