Колледжде биологияны оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Бағдарламаның мақсаты: «Биология» пәні педагогтерінің пәндік білім саласындағы, инклюзивті орта қалыптастырудағы, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы және оқу
жетістіктерін бағалаудағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру. Бағдарламаның міндеттері:
Күтілетін нәтижелер:
- оқу мазмұнын құрылымдаудағы биологиялық білімі мен әдістемелік дағдыларын тереңдету;
- концептуалды және саралап оқыту тәсілдемелері негізінде білім алушылардың биологиялық ойлауын, функционалдық және жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру үшін биология бойынша оқу сабақтарын жобалау, ұйымдастыру және өткізу дағдыларын дамыту;
- инклюзивті білім беру жағдайында «Биология» пәні бойынша оқу нәтижелерін бағалауға және білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған практикалық тапсырмалар әзірлеу;
- «Биология» пәні бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында оқыту және бағалау процестерін жоспарлау.
