«Колледжде ағылшын тілін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты:
Колледждің ағылшын тілі педагогтерінің пәндік білім, инклюзивті оқу ортасын қалыптастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саласындағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері.
Тыңдаушылардың:
- оқыту мен тәрбиенің құндылыққа бағдарланған тәсілдемесі мен инклюзивті білім беру принциптеріне сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша білік-дағдыларын дамыту;
- пән мазмұнындағы күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі педагогтерінің пәндік білімін тереңдету,
- білім алушылардың сөйлеу әрекетінің 4 түрі бойынша: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіру;
- ағылшын тілі сабағында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша білік-дағдыларын жетілдіру;
- оқу сабақтарын жоспарлау, білім алушылардың жеке оқу қажеттіліктерін ескере отырып, бағалауға арналған оқу тапсырмаларын әзірлеу дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер.
Тыңдаушылар:
- ағылшын тілі сабағында оқыту мен тәрбиенің құндылыққа бағдарланған тәсілдемесіне сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және инклюзивті оқу ортасын қалыптастыру дағдысын көрсетеді;
- пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұнындағы күрделі тақырыптарды талдайды және оларды оқытудың тиімді әдістерін талдайды;
- грамматиканы оқыту, лексикалық қорды кеңейту және оқу бағдарламасы бөлімдерінің тақырыптарына сәйкес сөйлеу әрекетінің 4 түрін қолдану бойынша білік-дағдысын жетілдіреді;
- оқу нәтижелері мен бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлейді;
- білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес барлық білім алушыларды оқу процесіне тарту арқылы ағылшын тілі бойынша оқу сабағын жоспарлайды.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Курс повышения квалификации педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования «Преподавание английского языка в колледже: фокусы и стратегии улучшений»
Задачи Программы:
- развить знания и умения организации учебно-воспитательного процесса в соответствии с принципами ценностно-ориентированного подхода и инклюзивного образования;
- углубить предметные знания преподавателей английского языка по сложным темам в содержании предмета;
- совершенствовать навыки владения 4 видами речевой деятельности: аудирования, говорения, чтения, письма у обучающихся;
- совершенствовать навыки развития функциональной грамотности обучающихся на занятиях английского языка;
- совершенствовать навыки планирования учебного занятия, разработки учебных заданий для оценивания с учетом индивидуальных потребностей обучающихся.
Ожидаемые результаты:
Слушатели курса:
- демонстрируют умения организации учебно-воспитательного процесса в соответствии с ценностно-ориентированным подходом и навыки создания инклюзивной среды обучения на занятиях английского языка;
- анализировать сложные темы в содержании учебной программы дисциплины и выбрать эффективные методы их преподавания;
- улучшат умения и навыки преподавания грамматических конструкций, расширят лексический запас и применяют 4 вида речевой деятельности в соответствии с темами разделов учебной программы;
- разрабатывают учебные задания для развития функциональной грамотности обучающихся в соответствии с результатами обучения и критериями оценивания;
- планируют занятия по английскому языку с вовлечением в учебный процесс всех обучающихся с учетом индивидуальных потребностей.
Объем курса: 72 академических часов.
