«Тиімді оқыту» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы

Бағдарлама мақсаты:

Тиімді оқытуды іске асыру мақсатында мұғалімнің кәсіби дамуын жетілдіру.

Бағдарлама мінденттері:

1. Бағдарламаның теориялық негіздері бойынша тұжырымдамалық білім мен түсінік қалыптастыру.

2. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен мазмұнына сәйкес мұғалімнің тәжірибелік дағдылары мен біліктілігін жетілдіру:

  • оқушыларды оқу үдерісіне тарту;
  • тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау;
  • оқушыларды тиімді түрде жүйелі бағалау;
  • сабақты жоспарлау үдерісі туралы рефлексия.

3. Мұғалімді мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге дайындау

Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:

  • Мұғалімде тұжырымдамалық түсінік пен тәжірибелік дағдылар негізі қалыптасады;
  • Мұғалім өз тәжірибесі туралы сын тұрғысынан ойлану (рефлексия) дағдыларын, өзін-өзі жетілдіру қабілетін иеленеді;
  • Мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге дайын болады.

Барлық оқу кезеңіндегі академиялық сағаттардың жалпы саны 176 сағатты құрайды, оның ішінде: қашықтықтан оқыту 80 сағат, мектептегі тәжірибе 96 сағат. 

Оқу жоспары оқытудың келесі кезеңдерін көрсетеді: 

  • бірінші кезең – теориялық (синхронды оқыту) (40 сағат көлемінде); 
  • мектептегі тәжірибе (асинхронды оқыту) (96 сағат көлемінде); 
  • екінші кезең - рефлексивті (синхронды оқыту) (40 сағат көлемінде).