«Колледжде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні педагогтерінің пәндік білім, инклюзивті оқу ортасын құру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саласында кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
Тыңдаушылардың:
- оқыту мен тәрбиенің құндылыққа бағдарланған тәсілі және инклюзивті білім беру қағидаттарына сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша білік-дағдыларын дамыту;
- тілдің грамматикасын, лексикасын оқыту және тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытудың әдіс-тәсілдері туралы пәндік білімдерін кеңейту;
- білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша білік-дағдыларын жетілдіру;
- білім алушылардың жеке оқу қажеттіліктеріне сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу, оқыту және бағалау процесін жоспарлау дағдысын жақсарту.
Күтілетін нәтижелер:
Тыңдаушылар:
- оқу мен тәрбиенің құндылыққа бағдарланған тәсіліне сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және инклюзивті оқу ортасын құру дағдысын көрсетеді;
- оқу нәтижелері мен бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлейді;
- сөйлеу әрекетінің түрлерін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана алады;
- білім алушылардың жеке оқу қажеттіліктеріне сәйкес, оқу нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен оқу сабағын жоспарлайды.
