«Колледжде қазақ тілін және қазақ әдебиетін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні педагогтерінің пәндік білім, инклюзивті оқу ортасын құру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саласында кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
Тыңдаушылардың:
- оқыту мен тәрбиенің құндылыққа бағдарланған тәсілі және инклюзивті білім беру қағидаттарына сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша білік-дағдыларын дамыту;
- тілдің грамматикасын оқыту және тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытудың әдіс-тәсілдері туралы пәндік білімдерін кеңейту және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша білік-дағдыларын жетілдіру;
- білім алушылардың көркем шығарманы талдау дағдысын дамыту бойынша оқыту тәжірибесін жетілдіру;
- білім алушылардың жеке оқу қажеттіліктеріне сәйкес қазақ тілі және қазақ әдебиеті бойынша оқу, оқыту және бағалау процесін жоспарлау дағдысын жақсарту.
Күтілетін нәтижелер:
Тыңдаушылар:
- оқыту мен тәрбиенің құндылыққа бағдарланған тәсіліне сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және инклюзивті оқу ортасын құру дағдысын көрсетеді;
- оқу нәтижелері мен бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлейді және сөйлеу әрекетінің түрлерін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана алады;
- оқу нәтижелері мен бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың көркем шығарманы талдау дағдысын дамыту бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлейді;
- білім алушылардың жеке оқу қажеттіліктеріне сәйкес, оқу нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерінен оқу сабақтарын жоспарлайды.
Курс көлемі: 72 академиялық сағат.
