Колледжде математиканы оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Бағдарламаның мақсаты:
«Математика» пәні педагогтерінің пәндік білім, инклюзивті оқу ортасын құру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саласындағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
- оқу-тәрбие процесін білім алушылардың математикалық білімін дамытудағы құндылыққа бағдарланған тәсілдемеге және инклюзивті білім беру принциптеріне сәйкес ұйымдастыру дағдыларын дамыту;
- инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға және дамытуға арналған практикалық тапсырмалар әзірлеу дағдыларын жетілдіру;
- білім алушылардың математикалық модельдер құрастыру, практикалық есептерді шығаруда білімін тереңдету үшін «Математика» пәні оқу бағдарламасының күрделі тақырыптары бойынша пәндік білімін кеңейту;
- «Математика» пәні бойынша білім алушылардың жеке оқу қажеттіліктеріне, оқу мақсаттары мен оқу нәтижелеріне сәйкес оқу сабақтарын жоспарлау дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер.
Тыңдаушылар:
- оқу-тәрбие процесін құндылыққа бағдарланған тәсілдемеге және инклюзивті білім беру принциптеріне сәйкес ұйымдастыру дағдыларын көрсетеді;
- инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға және дамытуға арналған практикалық тапсырмалар әзірлейді;
- пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұнындағы күрделі тақырыптарды талдайды және оларды оқытудың тиімді әдістерін талдайды;
- барлық білім алушыларды оқу процесіне тартуға бағытталған әртүрлі стратегияларды қолданып, «Математика» пәні бойынша оқу мақсаттары мен оқу нәтижелеріне сәйкес оқу сабақтарын жоспарлайды.
