Колледжде информатиканы оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Бағдарламаның мақсаты:
«Информатика» пәні педагогтерінің пәндік білім, инклюзивті оқу ортасын құру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саласындағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері.
- «Информатика» пәнін оқытудағы заманауи үрдістерге сай оқу-тәрбие процесін құндылыққа бағдарланған тәсілдемеге және инклюзивті білім беру принциптеріне сәйкес ұйымдастыру дағдыларын дамыту;
- білім алушылардың логикалық, алгоритмдік ойлауын және функционалдық сауаттылығын бағалауға және дамытуға арналған практикалық тапсырмаларды оқу нәтижелері мен бағалау критерийлеріне сәйкес әзірлеу дағдыларын жетілдіру;
- инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың информатиканың заманауи аспектілері бойынша білімін және заманауи ақпараттық, цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту үшін пәндік білімін кеңейту;
- «Информатика» пәні бойынша оқу сабақтарын оқу мақсаттары мен оқу нәтижелеріне, білім алушылардың жеке оқу қажеттіліктеріне сәйкес жоспарлау дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер.
Тыңдаушылар:
- оқу-тәрбие процесін құндылыққа бағдарланған тәсілдемеге және инклюзивті білім беру принциптеріне сәйкес ұйымдастыру дағдыларын көрсетеді;
- оқу нәтижелері мен бағалау критерийлеріне сәйкес «Информатика» пәні сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға және дамытуға арналған практикалық тапсырмалар әзірлейді;
- «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы күрделі тақырыптарды шолу және талдау негізінде теориялық білімін тереңдетеді және практикалық оқыту дағдыларын жетілдіреді;
- инклюзивті білім беру жағдайында оқу мақсаттары мен оқу нәтижелеріне сәйкес «Информатика» пәні бойынша оқу сабақтарының жоспарын әзірлейді.
