Колледжде информатиканы оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары

Бағдарламаның мақсаты:

«Информатика» пәні педагогтерінің пәндік білім, инклюзивті оқу ортасын құру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саласындағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері.

  • «Информатика» пәнін оқытудағы заманауи үрдістерге сай оқу-тәрбие процесін құндылыққа бағдарланған тәсілдемеге және инклюзивті білім беру принциптеріне сәйкес ұйымдастыру дағдыларын дамыту;
  • білім алушылардың логикалық, алгоритмдік ойлауын және функционалдық сауаттылығын бағалауға және дамытуға арналған практикалық тапсырмаларды оқу нәтижелері мен бағалау критерийлеріне сәйкес әзірлеу дағдыларын жетілдіру;
  • инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың  информатиканың заманауи аспектілері бойынша білімін және заманауи ақпараттық, цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту үшін пәндік білімін кеңейту;
  • «Информатика» пәні бойынша оқу сабақтарын оқу мақсаттары мен оқу нәтижелеріне, білім алушылардың жеке оқу қажеттіліктеріне сәйкес жоспарлау дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер.

Тыңдаушылар:

  • оқу-тәрбие процесін құндылыққа бағдарланған тәсілдемеге және инклюзивті білім беру принциптеріне сәйкес ұйымдастыру дағдыларын көрсетеді;
  • оқу нәтижелері мен бағалау критерийлеріне сәйкес «Информатика» пәні сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға және дамытуға арналған практикалық тапсырмалар әзірлейді;
  • «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы күрделі тақырыптарды шолу және талдау негізінде теориялық білімін тереңдетеді және практикалық оқыту дағдыларын жетілдіреді;
  • инклюзивті білім беру жағдайында оқу мақсаттары мен оқу нәтижелеріне сәйкес «Информатика» пәні бойынша оқу сабақтарының жоспарын әзірлейді.