Облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциясы «САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ - ОҚЫТУДЫ ЖАҚСАРТУ КЕПІЛІ»

9 желтоқсан 2022 ж.,  Атырау қ.

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Атырау қаласындағы филиалы сіздерді 2022 ж.  9 желтоқсанында «САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ - ОҚЫТУДЫ ЖАҚСАРТУ КЕПІЛІ» тақырыбында  өтетін облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның ресми сайты: https://sdo.cpm.kz/local/crw/course.php?id=1073

Өткізу орны: Атырау қаласы

Өтетін күні: 9 желтоқсан 2022 ж.

Өтетін орны: Атырау қаласы, №40 жалпы білім беретін орта мектеп

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ тілі, орыс тілі.

Қонференцияға қатысу ақылы: 4000 теңге (конференцияға қатысуға төлем жасаған қытысушыларға сертификат беріледі)

КОНФЕРЕНЦИЯ МАҚСАТЫ: 

Сабақты зерттеу тәжірибесін тарату арқылы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің оқыту мен оқу тәжірибелерін жетілдіру, зерттеу дағдыларын дамыту. Мұғалім тәжірибесін зерттеу арқылы оның кәсіби шеберлігінің өсуі мен педагогикалық зерттеу бастамаларына қолдау көрсету.

КОНФЕРЕНЦИЯ МІНДЕТТЕРІ:

  • «Сабақты зерттеу»: мұғалімдердің оқыту дағдысын дамытудың тиімді әдісі ретінде нақты меңгеруге үлес қосу;
  • Коллаборативті орта құру арқылы сабақты зерттеу туралы білім және жинақталған тәжірибемен алмасуға көмек көрсету;
  • «Сабақты зерттеу» тәсілін енгізу арқылы оқушылардың білім алуына көмектесу мен сабақты зерттеу топтарының кәсіби дамуындағы тиімді тәжірибелерін жетілдіру бағыттарын кәсіби нетворкингте дамытуға жағдай жасау.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР:

Конференцияға облыстық әдістемелік орталықтың мамандары, жалпы білім беру мектептердің директорлары мен мектеп тренерлері, әдістемелік жұмыс бойынша мектеп директорының орынбасарлары. Сондай-ақ, аудан, аймақ, мектеп аясында «Сабақты зерттеу» тәсілін енгізу бойынша тәжірибелері бар жетекші мектеп активтері шақырылады.

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАРЫ:

1. Постер-сессия алаңы (тәжірибе алмасу алаңындағы қорғау)

2. Пленарлық мәжіліс.

3. «Сабақты зерттеу» тәсілі – кәсіби шеберлік құралы» шеберлік сыныптар («Карусель» әдісімен 6 оқу аудиториясында)

4. «Зерттеу қажет емес зерттемеу!» атты педагогикалық батл.

5. Сабақты зерттеу мәселелерін талқылау бойынша тақырыптық алаңдар (ПШО тренерлері мен мектептегі зерттеуші тренерлердің қатынасуымен)

6. «Педагогикалық нетворкинг» Диалог алаңы. (5 спикер: Білім беру басқарма маманы, мектеп директорлары...)

7. Конференция Барометрі. Кері байланыс.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ПОСТЕР-СЕССИЯ ДИЗАЙНЫ МЕН МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  • Постер-сессия алаңында тәжірибе алмасу үшін конференцияға қатысушы жалпы білім беретін орта мектеп ұжымы өз тәжірибелерінен 1 постер дайындайды.
  • Тәжірибе алмасу алаңындағы қорғайды (уақыты 10 минут)
  • Постер көлемі: 1 флипчарт (70*100 см)
  • Постердің ішкі мазмұнында мыналар қамтылғаны жөн: Авторлар, тақырыбы, зерттеу мақсаты, зерттеу нысаны, зерттеудің тиімділігі.
  • Сабақты зерттеудің тиімділігін анықтайтын аналитикалық диаграмма, суреттер.

Сұрақтар бойынша:

Конференция барысы бойынша: ПШО аға менеджері Сапарова Анаргуль Карасайқызы

87029601369

Техникалық сұрақтар бойынша: ПШО менеджері Арыстанов Бекжан Серікұлы

87789421500 (тек ватсап желісі арқылы)


Тіркелу және төлем жасау туралы нұсқаулық:

PS: Төлем жасау кез-келген картамен жүргізіледі.